2025 жылдың 11 маусымында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері Молдашова Дина «Алау» телеарнасының «Өмір ағымы» бағдарламасының «Көненің көзі» айдарында ұлттық театр өнерінің негізін қалаушылардың бірі, тұңғыш халық артисі Елубай Өмірзақовтың өмірі мен фильмографиядағы өнер жолына тоқталды. Қалың көрерменге Елубай Өмірзақовтың музей қорынан алынған фотоқұжаттары көрсетілді.