Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері күні қарсаңында музей қызметкерлері "Қостанай облысы Жітіқара ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлім" РММ қызметкерлеріне «Қазақстанның мемлекеттік рәміздері және оның даму тарихы» атты тәрбие сағатын өткізді. Шара аясында Қазақстанның Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы мен Әнұраны, олардың авторлары мен рәміздері туралы презентация жасалды. Әнұранның бейнеролигі қаралды, шағын викторина өткізілді. Сондай-ақ азаматтар мен әскерилерді патриоттық тәрбиелеудегі рәміздердің рөлі сөз болды. Қатысушылар қызығушылық танытып, талқылауға белсенді қатысты. Іс-шара мазмұнды өтті және оң бағаланды.