Біздің сайттың құрметті қонақтары!

director

Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің сайтына қош келдіңіз. Біздің сайтқа көңіл бөлгеніңіз бізді қуантады, сайт беттерінен біздің музей туралы, Қостанай облысының табиғат байлықтары, тарихы мен мәдениеті туралы көп білуге болады.

«Музей туралы» жазылған бетті оқи отырып, музейдің қалай құрылғандығы туралы, оның жиынтықтары мен экспозициясы туралы мағлұмат аласыз.

Қостанай облысында зілдердің тұстастары өмір сүреді! Олар нелер? Ежелгі қорғандарда қандай құпиялар бар? Тобыл ойшылы қайдан шыққан? Қостанай мен Чикагоның ұқсастығы неде? Неге біздің облысты «құстар жұмағы» деп атайды? Осы және басқа да сауалдарға жауап алғыңыз келе ме? Онда біздің сайтқа кіріңіз немесе музейге келіңіз. Қостанай облысының табиғат ескерткіштері, археология және сәулет, киелі орындар туралы және басқа да тақырыптарда «Аймақ туралы» деп аталатын беттен білесіздер.

Жаңа көрмелер, қызықты кездесулер, инновациялық интерактивті жобалар туралы Сіз «Жаңалықтардан» біле аласыз.

Құрметті достар, сіздер біздің сайтта болғаннан кейін, бізге қайта оралып келетіндеріңіз анық. Біздің ісіміз Сіздердің көңілдеріңізден шықса, өте қуаныштымыз.

Құрметпен Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің басшысы Әкімбаева Үміт Бламбекқызы

kz 3D Тур
3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін82   Кеше136   Бір аптаның ішінде515   Айында82   Барлығы256161  
Жаңалықтар
2022 жылдың 13 мамырында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми хатшысы Н.Қ.Оташева қазақтың көрнекті ақыны, Қазақстанның халық жазушысы, Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың иегері Сырбай Мәуленовтің 100 жылдығына орай «Көрнекті ақын және патриот» атты іс-шараға қатысты. Кеш «Южный»  кітапхана филиалында өтті. Оташева…
2022 жылдың 11 мамырында  Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері «Алау» телеарнасының «Өмір ағымы» бағдарламасының  «Көненің көзі» айдарында  осы жылы туғанына 100 жыл толып отырған  екі мәрте Кеңес Одағының Батыры  И.Павловтың және Кеңес Одағының Батырлары С. Темірбаев пен Л.Макеровтің ерлікке толы…
Жылдар өтсе де, уақыт үстемдік етпейтін, маңыздылығы  айқындала түсетін оқиға -  Ұлы Отан соғысы. 2022 жылдың 5 мамырында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде музейдің қор жиынтығынан алынған «Соғыс жылдарының естелігі» атты көрме ашылды. Ол бейбітшілікті сақтау үшін ерлік пен табандылық көрсеткен…
7 мамыр – Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күні. Бұл күн қазақстандықтардың ерлік жылнамасын, Отанға қызмет ету дәстүрлерінің сабақтастығын бейнелейді. Халық ұланының ерлігі – бүкіл елдің абыройы мен қадір-қасиеті. Бұл қуатты мемлекеттің мәртебесі мен тұрақтылығы. Жарқын болашақтың кепілі. Бүгін мереке қарсаңында…
2022 жылдың 4 мамырында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі 9 мамыр Жеңіс күніне орай «Ұлы Жеңіс жолымен» атты квест-экскурсия өткізді. Шара Жеңіс саябағында, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалында біліктіліктерін арттырып жатқан мұғалімдер…
2022 жылы 28 сәуірде Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің бейнелеу өнері бөлімінде белгілі  қостанайлық суретші, «Суйқұйғыш белгісінде» атты мерейтойлық дербес көрменің авторы Олег Кусковпен шығармашылық кездесу өтті.  Шақырылған қонақтар суретшінің туындыларын қайта көріп қана қоймай, биыл 60 жылдық мерейтойын атап өткен…
2022 жылдың 29 сәуірінде Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі Алаш ұлттық-демократиялық қозғалысының 105 жылдығына арналған «Алаш мұрасы: өткеннен болашаққа» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференция өткізді. Конференцияның мақсаты: Алаш ұлттық-демократиялық қозғалысының идеясын жаңа қазақстандық патриотизм саясатымен салыстыра зерттеу. Іс-шараға ғалымдар, тарихшылар, өлкетанушылар,…
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні. Бұл еліміздегі ең жарқын және мерейлі мейрамдардың бірі. Қазақстан аумағында тұрып жатқан 150-ден астам ұлт пен ұлыс өкілдерінің киелі қара шаңырақта тату-тәтті өмір сүруі үшін береке мен ынтымақ, бірлік пен бейбітшілік аса қажет.…
21.04.2022

Анонс

Балалар жылы мен көрнекті қоғам қайраткері, ағартушы Ахмет Байтурсынұлының 150 жылдығын тойлау шеңберінде өткізілетін бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнердегі жас авторлардың «Жас толқын – 2022» IV Республикалық байқауы туралы ереже.  
2022 жылдың 20 сәуірінде Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері «Алау» телеарнасының «Өмір ағымы» бағдарламасының «Көненің көзі» айдарында көрнекті қоғам қайраткері, ақын, көсемсөзші, түркітанушы ғалым және лингвист Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай көрермендерді музей қорындағы атақты жерлесімізге қатысты архив  құжаттары, фотосуреттер…
2022, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі