«Наурыз шапағаты» фольклорлық-этнографиялық музей мерекесі

«Наурыз шапағаты»  фольклорлық-этнографиялық музей мерекесі

2018 жылдың 13 наурызында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Наурыз шапағаты» атты фольклорлы-этнографиялық музей мерекесі өтті.

Наурыз – қазақтар мен Азияның көптеген халықтарында бес мың жылдан астам уақыт бойы тойланып келе жатқан жылдың басты мерекесі. Бұл көктем мерекесі, табиғаттың жандануы мен жаңа өмір бастауы. Шығыс күнтізбесі бойынша бұл көктемгі күн мен түннің теңелуіне сәйкес келеді. Наурыз мейрамы әрқашанда көптеген дәстүрлі әдет-ғұрыптармен, балуандар сайысымен, суырып салма ақындар айтысымен, ұлттық ойындармен өтеді

Іс-шара барысында музей қызметкерлері наурызды мерекелеудің әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін айта отырып «көрісу», «саумалық», «құтайу», «мүше алу», «ұйқы ашар» және «селт еткізер» дәстүрлерін көрсетті, мереке қонақтары сондай-ақ қазақтың ұлттық: «теңге ілу», «асық ойнау», «қол күресі» сияқты ойындарына қатысты. Қызығушылық танытқандар «Наурыз мерекесінің салт дәстүрлері» атты викториналық сайыстарға қатысып сыйлықтар ұтып алды.

Мереке соңында қонақтар музей қызметкерлері дайындаған наурыз көжеден ауыз тиді.

Аталмыш іс-шараға Қостанай қаласындағы №8 ОМ оқушылары және музейге келушілер қатысты.

3D Тур
3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін43   Кеше52   Бір аптаның ішінде43   Айында1144   Барлығы165135  
2019, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі