Белгілі қостанайлық мүсінші Леонид Белоусовтың реквием-кеші

Белгілі қостанайлық мүсінші Леонид Белоусовтың  реквием-кеші

2018 жылы 29 наурызда Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде белгілі қостанайлық мүсінші Л.Белоусовтың реквием-кеші өтті.

Биыл мүсіншінің туылғанына 90 жасқа толады. Леонид Белоусов Киров облысының Белоусово кентінде 1928 ж. 10 наурызда дүниеге келген. Нижний Тагил қаласындағы Орал көркем-өнеркәсіптік училищесін бітірген. 1950-ші жылдары В. И. Мухина атындағы Ленинград жоғары көркем-өнеркәсіптік училищесінің сәулеттік-сәндік мүсін факультетіне түсті. Ленинградта оқып жүрген кезінде ол болашақ зайыбы Муза Маслееваны кездестірді.

Белгілі қостанайлық мүсінші Белоусовтар Ы. Алтынсаринге, Т. Шевченко, Ф. Дзержинский, Л.Таран, А. Имановқа ескерткіштер тұрғызған, Н. Островский, С Баймагамбетовтың бюстерін жасаған. Ең танымал жұмысы - Қостанай қаласының Жеңіс саябағында орнатылған 1941-1945 ж.ж. ҰОС-да қаза тапқандарға арналған мемориал болып саналады.

Леонид Белоусов 2014 жылдың 21 қыркүйегінде 86 жасында қайтыс болды.

Леонид Прокопьевич туралы өз естеліктерімен Қостанай облысының Құрметті азаматы Семенова Вера Григорьевна, Жеңіс Саябағында тұрған жауынгердің түп бейнесі болған милиция ардагері Грушковский Виталий Филаретович, мүсінші Воткал Александр Николаевич, отбасының жақын досы Пименов Сергей Васильевич, қызы Наталья Поттава, немересі Лиза бөліскен.

Кешке келген қонақтар қостанайлық вокалшы Светлана Обухованың орындауында романс тыңдады.

3D Тур
3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін43   Кеше52   Бір аптаның ішінде43   Айында1144   Барлығы165135  
2019, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі