Бай мүлкін тәркілеу барысында 1927 жылы Сарой болысының бұрынғы болыстық билеушісі, бай Бермұхамед Алдияровтың үйінен тәркіленді және Қостанай губкомы жәдігер ретінде музейге тапсырды.
Кісе белбеу – ерлердің былғары белбеуі шекімелеу арқылы жасалған алтын жалатылған 40 күміс жапсырмадан тұрады. Белбеуге оттық, шақпақтас, және қаруға арналған қосалқы білте салып жүретін бірдей екі жартылай дөңгелек сөмке бау арқылы ілінген, сонымен бірге 6 жапсырмасы бар былғары қын бекітілген. Қын ұзын, былғары баулардан тұратын сәнді шашақпен әшекейленген. Белбеудің шеттеріне металл жапсырма-ілгектер бекі тілген, бір жағында – ілгек, екінші жағында – ілгекке арналған 2 тесік. Сөмке 17 металл жапсырмаммен безендірілген, ортада ақық қондырылған үлкен жапсырма. Ақық - қазақ зергерлерінің тұмар жасағанда қолданатын сүйікті тасы, өйткені ол ежелден денсаулық пен байлықтың тасы болып саналған.