Ыбырай Алтынсариннің ескерткіші

Ыбырай Алтынсарин (1841-1889) Николаев уезінің Арақарағай болысында (қазіргі Қостанай облысының Алтынсарин ауданы) дүниеге келген. Қазақтың көрнекті педагог-ағартушысы, жазушы, фольклоршы, қоғам қайраткері, ғалым-этнограф. 

«Қазақ хрестоматиясы» және «Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы»  оқулықтарының авторы, мысалдар мен әңгімелердің, сонымен қатар Л.Н. Толстой, И.А. Крылов аудармаларының авторы. 

Орыс графикасының негізінде қазақ әліпбиінің нұсқасын жасады.

Ыбырай Алтынсарин қазақ халқының зайырлы білім беру жүйесінің бастамасын қалады. Төрт екі сыныпты орыс-қазақ училищесін, бір кәсіптік училищені, бір әйелдер училищесін, орыс балаларына арналған екі училищені, бес болыстық мектепті ашты.

Ескерткіш сипаттамасы

Ескерткіш датасы: 1970 жыл. 

Орналасқан жері: Қостанай қаласы, Алтынсарин көшесі, 118 А

 Ескерткіш 1970 жылы Ы. Алтынсарин ашқан бұрынғы қазақ мектебінің орнына орнатылды. 

Авторлары – мәскеулік мүсінші Н.А. Щербаков, сәулетшілер - И.А. Покровский, В.Д. Горчинский.

2010 жылы ескерткіш жаңа орынға көшіріліп, Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты ғимаратының алдындағы гүлзарға орнатылды.

Мүсіндік ескерткіш қызыл түсті граниттен жасалған. Үш жиынтықтан тұрады – мүсін, тұғыр, негізі. Ұлы ағартушы оң қолындағы ашық кітаппен бейнеленген.

Мүсін жылтыратылған гранит плиталармен қапталған тұғырда орнатылған. Тұғыр гранит плитаға тұғырбет түрінде қойылған. Тұғырдағы мемориалдық тақтада: «Ыбырай Алтынсарин (1841-1889 ж.) - қазақтың ұлы педагогы, ағартушы және ғалым» деп қазақ және орыс тілдерінде жазылған.

Ескерткіштің тұғырымен қосқандағы жалпы биіктігі 5,2 метрді құрайды.

 

3D Тур
3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін22   Кеше139   Бір аптаның ішінде161   Айында2182   Барлығы172627  
2019, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі