Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры И. Ф. Павловтың мүсіні

Иван Фомич Павлов (1922-1950) Қостанай облысының Қостанай  ауданы Борис-Романовка кентінде дүниеге келген. Чкалов әскери-авиация училищесін аяқтап, 1942 жылдың маусымында майданға аттанады. И.Ф.Павлов соғыс жылдарында 250 жауынгерлік ұшуларды орындады. 1944 жылдың ақпанында Иван Фомич Павловқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

1945 жылдың 23 ақпанында КСРО Жоғарғы Кеңесінің Төралқасы И.Ф. Павловты екінші «Алтын Жұлдыз» медалімен марапаттады. Соғыс аяқталғаннан кейін И.Ф. Павловты М.В. Фрунзе атындағы Әскери-әуе академиясына оқуға жібереді, оны 1949 жылы табысты аяқтайды. 

1950 жылдың 12 қазанында И.Ф. Павлов түнгі ұшу жаттығуында, қызметтік міндеттерін  орындау барысында қаза тапты. 20 қазанда оны Қостанайдағы қалалық зиратқа - қазіргі Жеңіс саябағындағы Батырлар Аллеясына салтанатты түрде жерледі.

1952 жылы Жеңіс алаңында (қазіргі қалалық әкімдік ғимаратының алаңы) батырға ескерткіш орнатылды. Мүсінші – Дмитрий Петрович Шварц.

Ескерткіш сипаттамасы

Ескерткіш датасы:1952  жыл. 

Орналасқан жері: Қостанай қаласы, Пушкин көшесі, 98

Мүсін қоладан жасалып, конус түріндегі гранит тұғырға орнатылған. И.Ф. Павлов әскери нысандағы барлық ерекшелік белгілері және наградалар жиынтығымен бейнеленген. Мүсіннің биіктігі – 70 см, тұғыры – 2,5 м.

Тұғырда Кеңес Одағының Батыры И.Ф. Павловты «Алтын Жұлдыз» медалімен екінші рет марапаттау туралы орыс тілінде жазылған мемориалдық тақта бар.

3D Тур
3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін51   Кеше112   Бір аптаның ішінде302   Айында2323   Барлығы172768  
2019, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі