«Тың игерушілер» монументі

1973 жылы қазанда тың және тыңайған жерлерді игерудің 20 жылдығына арналған салтанатты шеруде Қостанай қаласында вокзал алаңында  алғашқы тың игерушілердің ерлігін мәңгі есте сақтау туралы шешім қабылданды.

1973 жылы 12 желтоқсанда монументтің жобасын жасауға шығармашылық  ұжымдардың бүкілодақтық жабық конкурсы жарияланды. 1975 жылы 12 мамырда құрамына мүсінші Михаил Смирнов, Мәскеу сәулетшісі Анатолий Семенов және қостанайлық сәулетші Александр Тимошечкин кіретін авторлық  ұжым конкурс жеңімпазы болып  танылды. 1976 жылы КСРО мәдениет Министрлігінің көркемдік-сараптамалық Кеңесі монументтің негізгі ережесін бекітті.

1983 жылы Қостанайдағы қалалық атқару комитетінің шешімі бойынша Комсомол алаңы пайда болды. Вокзал маңындағы алаңда орын жеткіліксіз болғандықтан алғашқы тың игерушілерге арналған ескерткішті Комсомол алаңында орнатуды шешті.

Ескерткіштің барлық саз элементтері Мәскеуде жасалды, содан кейін осы негізде айдалған жер мен жыртылған жер Минскіде жасалды. Тұқым себушілер фигуралары мен Даңқ таспасы «Монумент-мүсін» Ленинград зауытында қоладан құйылды. Салмақ түсетін  құрылымы  Алматыда әзірленді, ал монтаждық және граниттік жұмыстарды Мәскеу, Қостанай және Рудный шеберлері орындады.

1984 жылы 13 қазанда "Тың және тыңайған жерлерді игеру" монументі партия, кеңес қызметкерлерінің, өндіріс озаттары, комсомолдар мен тың игерушілердің қатысуымен салтанатты түрде ашылды. 

1984 жылы 10 желтоқсанда Қостанай қалалық атқару комитетінің шешімімен монумент тарих және сәулет ескерткіші ретінде мемлекет қорғауына алынды.

 

Ескерткіш сипаттамасы

Ескерткіш мерзімі:  1984 жыл.

Орналасқан жері:  Қостанай қаласы, Тың игерушілер алаңы

 

Монумент композициясы үш фигурадан және трапеция пішіндес көлемнен көтеріліп желбіреп тұрған ұзын ленталардан тұрады. Жасөспірімдер мүсіні тұқым себушілерді, қыздар - алғаш  жыртылған жерде жүріп келе жатқан қоныстанушыларды бейнелейді. Олардың артында бидай масақтары бейнеленген лента желбірейді. Даңқ лентасының шығыс және оңтүстік жақтарында тың эпопеясының барлық кезеңдерінің суреттері бар: алғашқы жыртылған жер, алғашқы жеңіс, алғашқы өнім. Лента шығыс беткейінің қыры қиғаш көлемнің биік бөлігіне орналастырылған. Тұқым себушілер мен қыздардың бейнелері және  Даңқ лентасы қоладан құйылған. Негізі бетоннан салынып, гранит тақталармен қапталған. Алаңға тас төселген. 

3D Тур
3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін1   Кеше187   Бір аптаның ішінде979   Айында1028   Барлығы175074  
2019, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі