«Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапкандар» мемориалы

1968 жылы Жеңіс саябағында Ұлы Отан соғысында қаза болған жауынгерлерге арналған ескерткіш-мемориал салтанатты түрде ашылды. Оны жергілікті мүсіншілер Леонид Прокопьевич пен Муза Александровна Белоусовтар сомдады. Сол күні Мәңгілік алау жағылды. 

1975 жылы мемориал қайта жөнделді (майданда қаза тапқан Қостанай тұрғындарының есімдері жазылған тақталар қосылды) .

2014 жылы гранитті қаптау плиталарын ауыстыру, «Мәңгілік алау» шырағын жөндеу жұмыстары жүргізілді, мемориал алдындағы алаңның тас төсемдері жаңартылды. Қабырғаға батырлардың жаңа есімдері қосылды. 

 

 

 

Ескерткіш сипаттамасы

Ескерткіш мерзімі:  1975 жыл.

Орналасқан жері: Қостанай қаласы, Жеңіс саябағы

 

«Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқандар» мемориалы - төмен түсірген  оң қолында автомат, сол қолындағы лавр бұтағын жоғары көтерген жауынгердің асқақ бейнесін көрсетеді. Лавр жеңіс пен татулықтың, демек, соғыстың аяқталғанының нышаны. Мүсіннің жалпы биіктігі – 7 м. 40 см. Мүсін жоғары сапалы цементтен, мәрмәр үгіндісі, дюралюминийден жасалып, гранит тақталармен қапталған үш сатылы тұғырға орнатылған.

Жауынгер мүсінінің артқы жағында соғыста қаза тапқан қостанайлық жауынгерлердің аты-жөні жазылған мәрмәр тақталар орнатылған мемориалды қабырға (ұзыңдығы -18 м, ені - 5 м) орналасқан.  

Жеңімпаз жауынгер мүсінінің алдында мәңгілік алау орналасқан. Тұғырбет тікбұрышты, екі сатылы, тас төселген.

 

3D Тур
3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін35   Кеше116   Бір аптаның ішінде999   Айында1956   Барлығы172401  
2019, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі