Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

Ұлттық костюмдер

Ұлттық костюм – ұлттық өнердің сұлулық заңдылықтары мен құпия сырларын түсі, ою-өрнегі, сымбаты арқылы ашып көрсететін, біздің ата-бабаларымыздың өмірінің шежіресі іспеттес. Ұлттық костюмді аса іскерлікпен дайындайтын шеберлердің өнері өмірді жарқын да, сәнді етіп көрсетеді. Костюмнің халықтың салт-дәстүрімен, ежелгі мәдениетімен ұштасуы, халықтың өткенін қазіргі шағымен байланыстырып тұр.

Қостанай облысының аумағында 100-ге жуық ұлттың өкілдері тату-тәтті өмір сүруде. Олар өздерінің тарихи отандарынан алыс тұратындықтарына қарамастан жалпы қазақстандық рухани мұраны толықтырып, халықтық сәндік-қолданбалы өнерін дамытуда.

Музейдің ұлттық костюм жиынтығы ХХ ғасырдың 20-шы жылдары қалыптаса бастады. Облыстың аудандарына және одан тысқары жерлерге жүргізілген этнографиялық экспедициялар жаңа костюмдер жиынтығын – халықтық өнердің асыл қазынасымен толықтыруға негіз болды.

Көкірекше – «яга» башқұрт әйелі костюмінің бөлшегі

Көкірекше – «яга» башқұрт әйелі костюмінің бөлшегі, ХІХ ғасырдың аяғы. Тұмар – әйелдердің мойынға тағатын дәстүрлі әшекейлерінің бірі. Мақта-мата, тиындар, маржан моншақтар, шытыра-моншақ.

Пулагай – бел буатын әшекей

Негізі – бірнеше рет бүктелген және сырылған кенеп. Негізіне көлденеңінен тығыз қатарға: шытыра-моншақ, маржан моншақтар, өзен қабыршақтары, мыс түймелер, қаңылтыр жапсырмалар, қара түсті шашақ тігілген. Белге артқы жағынан тағылады.

Мордва әйелдерінің мерекелік костюмі

Мордва әйелдерінің мерекелік костюмі. 4 заттан тұрады. ХХ ғасырдың басы, кенеп, ленталар, шытыра-моншақ, қабыршақтар, пайеткалар; қолдан тоқылған. Ресейден қоныс аударғандардың ұрпақтарынан 1940-шы жылдары келіп түсті. Костюм жейде, желбегей, алжапқыш және бел буатын әшекейден тұрады.

Ресей Курск губерниясының шаруа әйелдерінің костюмі

Ресей Курск губерниясының шаруа әйелдерінің костюмі.(4 заттан тұрады) . ХІХ ғасырдың аяғы. Жүннен тоқылған мата, мақта-мата, кашемир, шілтер, үй тоқымасы, тесьма. 1991 жылы Курск облысында өткен этнографиялық экспедиция барысында Суджа қаласының тұрғыны В.С.Дудинадан сатып алынды. Костюм сарафанннан, жейдеден, алжапқыш және мата белбеуден тұрады.

Тымак – ер адамдардың қыстық бас киімі

ХХ ғасырдың басы. Қарсақтың терісі, қыжым, қолдан тігілген.

Қазақ қыздарының тақиясы

Пүліш, оқа, күміс теңгелер, ХХ ғасырдың басы. Музейге Қостанай қаласының тұрғыны Ибрашева 1977 жылы тапсырды.

Мұрақ (айырқалпақ)

Ақ киізден дайындалып, алтын жіп шалып тоқылған. ХХ ғасырдың басы. Бай Алдияровтың отбасынан алынған, музейге 1927 жылы Қостанай губерниялық комитеті өткізген.

Шапан – қазақтың сырткиімдерінің ертеден келе жатқан түрі

Шапан – қазақтың сырткиімдерінің ертеден келе жатқан түрі. ХХ ғасырдың аяғы. Парша, жібек, тесьма. Музейге 1927 жылы Қостанай губерниялық комитеті тапсырған. Қарабалық ауданының ауылында тұрған бай Алдияровтың отбасынан алынған. Шапан бухар матасы – паршадан дайындалған. Қызыл күрең түсті жиегіне алтын жіппен гүлді өрнектер кестеленген. Екі өңірі мен жеңдеріне түрлі-түсті тесьма тігілген. Астары бухар жібегінен. Шапанның сақталуы өте нашар, матасы тозғандықтан жыртылған, қайта жаңартуды қажет етеді.

Қазақ әйелдерінің киімі

Қамзол. ХІХ ғасырдың аяғы. Барқыт, парша, алтын жіппен кестеленген, пайеткалар. Қостанай губерниялық комитеті 1927 жылы тапсырған, Алдияровтар отбасынан тәркіленген. Қамзол – әйелдер киімі ішінде ерекше орын алады.Қыз-келіншектер қамзолмен киетін тақия, етіктерінің өңдерін біріңғай етіп таңдап киген. Қызыл барқыттан алтын жіппен зерделеніп тігілген. Өсімдік тәрізді өрнек түсірілген. Сыртқы жағына пайеткалар тігілген. Астары мақта-матадан тігілген. Қалталары көгілдір барқыттан салынған. Қамзол тозған күйде түсті. Алматылық Т.К. Жайлаубаева 1994 жылы қайта өңдеп, қалпына келтірді.