«Жастар шығармашылығы сыбайлас жемқорлыққа қарсы» атты көрме

28.11.2018
«Жастар шығармашылығы сыбайлас жемқорлыққа қарсы» атты көрме

Сыбайлас жемқорлықты ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретін ең қауіпті және барлық жерге жететін әлеуметтік жағымсыз құбылыстардың біріне жатқызуға болады. Жастардың бойында сыбайлас жемқолыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға байланысты Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Жастар шығармашылығы сыбайлас жемқорлыққа қарсы» атты көрме ашылды.

Көрмеге А. Никифоров атындағы көркемсурет мектебінің оқушыларының туындылары қойылды. Соншама айқын, көрнекі түрде, шынайылықпен, сондай-ақ уытты сатирамен, сыбайлас жемқорлық мәселесін балалар ғана көрсете алады. Балалар сыбайлас жемқорлықтың белгілі бір көрінісін, оның теріс салдарын көрсетіп қана қоймай, қоғамның осы дертіне көзқарастарын білдіре отырып, бастапқы себептерін ұғынып, оны жеңу жолдарын ойластыра білген. Ересектер онымен күрестің әлі шешімін таба алмай отырғанда, өскелең ұрпақтың әлеуметтік өткір мәселелерге және олардың құқықтық құрамдас бөлігіне қызығушылық танытуы біздерге, ересектерге неғұрлым қызықты және пайдалы болып табылады.

3D Тур
3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін4   Кеше78   Бір аптаның ішінде82   Айында1153   Барлығы167064  
2019, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі