Қостанай суретшілерінің «Пленэр-2018» көрмесінің ашылуы

30.11.2018
Қостанай суретшілерінің «Пленэр-2018» көрмесінің ашылуы

2018 жылдың 30 қарашасында «Рухани Жаңғыру» бағдарламасының «Рухани Қазына» кіші бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде Қостанай суретшілерінің «Пленэр – 2018» көрмесінің ашылуы болды.

2018 жылы Қостанай суретшілері облыстың Амангелді, Қостанай, Меңдіқара аудандарында болды. Суретшілер табиғатта жұмыс істеп, оның әртүрлі уақыттардағы өзгерістерін бақылап отырды. Осы сапарлардан алған әсерлерін суретшілер өз жұмыстарында бейнелеп көрсетті. Пленэр - бұл суретшілердің қылқаламды шебер қолдануы, әр құбылысты қас-қағым сәтте бақылау және бастапқы көріністі аз уақытта дәлме-дәл бейнелеу. Суретшілердің әр жаңа жұмысы көрермендерді қуантады.

«Пленэр – 2018» көрмесіне қостанайлық суретшілердің Амангелді Имановтың штаб-пәтері орналасқан Үрпек кенті, «Құмкешу» жерінің құмдары, Тасты Орал кентінің жасыл ландшафты, тағы да басқа жерлерден алған тың әсерлерінен туындаған жұмыстары, этюд, суреттемелері қойылды.

Қостанай суретшілерінің «Пленэр – 2018» көрмесі бір ай бойы жұмыс істейді.

3D Тур
3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін8   Кеше116   Бір аптаның ішінде972   Айында1929   Барлығы172374  
2019, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі