«Жастар экстремизмге қарсы!» - Қазақстан халқының рухани келісім күніне орай діни конфессия өкілдерімен кездесу

18.10.2017
«Жастар экстремизмге қарсы!» - Қазақстан халқының рухани келісім күніне орай діни конфессия өкілдерімен кездесу

Ұлтаралық татулық пен рухани келісім біздің басты темірқазығымыз болып табылады. 1992-ші жылы қазанда Қазақстанның сол кездегі астанасы Алматы қаласында Бүкіләлемдік Рухани келісім конгресінің 1-ші сессиясы өтті. Конгреске қатысушылар қазанның 18-ін рухани келісім күні - қақтығыстар мен жанжалдарға шектеу қою, татулыққа талпыну, жақын адамдарға қайырымдылық пен жәрдем жасау күні деп жариялауға шақырған манифест қабылдады. 1992-ші жылдан бастап бұл күн Қазақстанда ұлттық мейрам ретінде атап өтіледі.

Қазақстанда және бүкіл әлемде осы күн ынтымақтастық, қайырымдылық күні болып саналады. «Діни сенімділікті сыйлау! Айырмашылыққа іріткі салмау! Қайырымдылыққа, ынтымақтастыққа шақыру!» - осылар Рухани келісім күнінің негізгі ұстанымы.

Осы мерекеге орай 2017 жылы 18 қазанда Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі Қостанай «Білім-Инновация» дарынды балаларға арналған лицей-интернатының оқушыларын шақырып «Жастар экстремизмге қарсы!» атты іс-шара өткізді. Іс-шара барысында орталық мешіттің наиб-имамы Бақытжан Икрам және Свято-Никольский храмының діни қызметкері Виталий Павлович Клеба жастарға бұл мерекенің маңыздылығы туралы, Қазақстанның қазіргі жағдайы рухани келісім мен өзара түсіністіктердің орын алуымен ерекшеленетіні туралы әңгімелеп берді.

Сондай-ақ оқушылар ислам және христиан дініне қатысты сұрақтар қойып, адамгершілік әдептер жайлы ақпараттар алды.

3D Тур
3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін45   Кеше96   Бір аптаның ішінде307   Айында1539   Барлығы208980  
full hd xxx porn bangladesh bane xxx porn xxx www com sex xxx hd besi japan mp4 xxx sunday noon xxx videos
2021, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі