«Үздік өлкетанушылармен сұхбат» ҚМУ және ҚМПУ тарих факультеті студенттерінің жергілікті өлкетанушылармен кездесуі

18.04.2019
«Үздік өлкетанушылармен сұхбат»  ҚМУ және ҚМПУ тарих факультеті студенттерінің  жергілікті өлкетанушылармен кездесуі

1983 жылы ЮНЕСКО жанында құрылған ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау мәселелері бойынша Халықаралық кеңестің Ассамблеясымен 18 сәуір күні Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күні деп бекітілді. Осы күнге орай 2019 жылдың 17-18 сәуірде Қостанай облыстық тарих-өлкетану музейінде Қостанай облысының үздік өлкетанушылармен кездесу өтті.

Кездесуге өлкетанушы Ағытаев Ибраһим; журналист, қазақ тарихын зерттеушісі, қазақ радиосының ірге тасын қалаушы Орманов Қуанышбай Төребекұлы; тарих ғылымдарының кандидаты, Ө.Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ доценті Өтеген Ихсанұлы Исенов және А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ мен ҚМПУ-нің студенттері, музей қызметкерлері қатысты. Іс-шара барысында музей қызметкері студенттерге облысымыздағы маңызды ескерткіштер мен киелі орындарды таныстырды, шақырылған қонақтар қазақ халқының тарихына, соның ішінде тарихи тұлғаларына байланысты киелі объектілер жөнінде қызықты мәліметтер берді, жастардың қызықтырған сұрақтарына жауап берді.

3D Тур
3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін4   Кеше78   Бір аптаның ішінде82   Айында1153   Барлығы167064  
2019, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі