1983 жылы ЮНЕСКО жанында құрылған ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау мәселелері бойынша Халықаралық кеңестің Ассамблеясымен 18 сәуір күні Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күні деп бекітілді. Осы күнге орай 2019 жылдың 17-18 сәуірде Қостанай облыстық тарих-өлкетану музейінде Қостанай облысының үздік өлкетанушылармен кездесу өтті.
Кездесуге өлкетанушы Ағытаев Ибраһим; журналист, қазақ тарихын зерттеушісі, қазақ радиосының ірге тасын қалаушы Орманов Қуанышбай Төребекұлы; тарих ғылымдарының кандидаты, Ө.Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ доценті Өтеген Ихсанұлы Исенов және А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ мен ҚМПУ-нің студенттері, музей қызметкерлері қатысты. Іс-шара барысында музей қызметкері студенттерге облысымыздағы маңызды ескерткіштер мен киелі орындарды таныстырды, шақырылған қонақтар қазақ халқының тарихына, соның ішінде тарихи тұлғаларына байланысты киелі объектілер жөнінде қызықты мәліметтер берді, жастардың қызықтырған сұрақтарына жауап берді.