Қала көшелері – өткеннен сыр шертетін, бүгінгі күнде болашаққа жол сілтейтін мәдениетіміз. Әрбір адам өз туған даласын, қаласын ерекше жақсы көреді. Ал қаламыздың әрбір көшесінің атауын білу – ұлтжанды әрбір азаматтың міндеті.
Халықаралық ескерткіштерді және тарихи орындарды қорғау күніне орай Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Тарихқа толы қала көшелері» атты өлкетану-танымдық кеш ұйымдастырылды. Іс-шараға қатысқан А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ студенттері әрқайсысының өзіндік шертер сыры бар қала көшелеріне виртуалды саяхат жасап, тарихы тереңде жатқан көшелермен және көше атауына есімдері берілген халық жадында ізі қалған белгілі тұлғалар туралы мол ақпарат алды.