Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері дайындаған көрнекті қоғам қайраткері, жазушы, ақын, драматург, көркемсөз шебері Б.Майлиннің 125 жылдығына арналған «Бейімбет Майлин - туған өлке жыршысы» атты фотоқұжаттық жылжымалы көрмесі сәуірдің 8-нен 12-не дейін Қостанай қаласындағы №7 орта мектеп оқушыларына ұйымдастырылды. Көрме бойынша жоғары сынып оқушыларына қазақ әдебиетін қалыптастырушы тұлғаның өмірі мен шығармашылығы туралы дәріс оқылды.