Қостанайлық суретшісі Александр Воткал көрмені өзінің 65 жасқа толу мерейтойына орай ұйымдастырып отыр. «Әсерлі сәттер мен жылдар» атты дербес көрмеге автордың қолынан шыққан мүсіндер, жұмыстардың фотосуреттері, нобайлар қойылған.
Александр Воткал Қостанай облысының Аманқарағай кентінде дүниеге келді. 1961 жылдан 1971 жылға дейін Урицкий мектебінде оқыды, мектепте оқып жүрген кезінде сәндік-қолданбалы өнердің қызықты бағыттарының бірі - ағаш ұқсатумен айналысты. Александр мектепті бітіргеннен кейін Рудный индустриалды институтына оқуға түсіп, 1979 жылы институтты табысты аяқтады. Шығармашылықта жаңа бағыт-мүсін жасаумен айналысты, суретші белгілі қостанайлық автор Леонид Белоусовтан тәлім алды. Суретшінің Леонид Прокопьевичпен өткізген қызықты 10 жылы бекер өткен жоқ.
2013 жыл автор үшін маңызды жыл болды, ол Мәскеу қаласындағы Суретшілердің Халықаралық Федерациясының Суретшілер Шығармашылық Одағының мүшесі болды.
Александр Николаевич Мәскеу, Санкт-Петербург, Минск, Лондон, Пекин, Люксембург, Рим қалаларында өткен қазіргі заманғы өнердің «Өнер аптасы» халықаралық көрме-байқауларының бірнеше мәрте лауреаты.
Суретші туындылары Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорында және Рудный, Қостанай, Касли, Челябі қалаларында жеке коллекцияларда сақталған.