«Сарыарқаның киелі ландшафты» кітабының таныстырылымына арналған Республикалық дөңгелек үстел жұмысына қатысу.

09.04.2021
«Сарыарқаның киелі ландшафты» кітабының таныстырылымына арналған Республикалық дөңгелек үстел жұмысына қатысу.

Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің басшысы Ү.Б. Әкімбаева Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Ұлттық музейінде ҚР Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырған дөңгелек үстел жұмысына қатысты.

«Сарыарқаның киелі ландшафты» монографиясының таныстырылымы барысында авторлары, К.А. Ақышев атындағы археология ҒЗИ ғалым-зерттеушілері М.К. Хабдуллина, Д.Т.Тілеуқабылов, Т.В. Кошман; ҚР ҰҒА академигі Ж.К. Таймағамбетова; «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының директорының орынбасары С.Б. Бөрібаева, Қазақстандағы италия археологиялық экспедициясының директоры  Ж-Л. Бонор, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры  Ж.О. Артықбаева және т.б. сөз сөйледі.

К.А. Ақышев атындағы археология ҒЗИ директоры, тарих ғылымдарының кандидаты Хабдулина Марал Қалымжанқызы Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейіне «Сарыарқаның киелі ландшафты» атты бірегей ғылыми-көпшілік басылымның бір данасын өз қолымен сыйға тартты.

kz 3D Тур
3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін165   Кеше124   Бір аптаның ішінде560   Айында1829   Барлығы230727  
2021, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі