Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің басшысы Ү.Б. Әкімбаева Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Ұлттық музейінде ҚР Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырған дөңгелек үстел жұмысына қатысты.
«Сарыарқаның киелі ландшафты» монографиясының таныстырылымы барысында авторлары, К.А. Ақышев атындағы археология ҒЗИ ғалым-зерттеушілері М.К. Хабдуллина, Д.Т.Тілеуқабылов, Т.В. Кошман; ҚР ҰҒА академигі Ж.К. Таймағамбетова; «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының директорының орынбасары С.Б. Бөрібаева, Қазақстандағы италия археологиялық экспедициясының директоры Ж-Л. Бонор, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры Ж.О. Артықбаева және т.б. сөз сөйледі.
К.А. Ақышев атындағы археология ҒЗИ директоры, тарих ғылымдарының кандидаты Хабдулина Марал Қалымжанқызы Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейіне «Сарыарқаның киелі ландшафты» атты бірегей ғылыми-көпшілік басылымның бір данасын өз қолымен сыйға тартты.