Құрметті достар, назарларыңызға «Бірегей археология» сериясынан бір жәдігер көрмесін ұсынамыз.
Кельт - қола дәуірінде балта немесе қашау ретінде қолданылған құралға тән атау. Суық қарудың бұл түріне арналған «Кельт» немесе «Цельт» сөзі он жетінші ғасырда ұсынылған, бірақ салыстырмалы түрде жақында қолданысқа енген.
Атаудың шығу тегі зерттеу үшін жеке тақырып болып табылады. Кейбіреулер бұл атау латынның «қашау» дегенді білдіретін «celtis», сөзінен шыққан деп санайды. Басқа нұсқа бойынша кельттің шығу тегі осы балтаны әдеттегі суық қару ретінде қолданған аттас халықпен байланысты. Алайда, кельт қола балталары кельт тайпалары ешқашан болмаған жерлерде кездеседі. Сонымен қатар, кельт халықтары өмір сүрген дәуірлерге қарағанда әлдеқайда ерте дәуірлерде көп кездеседі.
Кішкентай балта құрлымының айрықша ерекшеліктері - балта желкесінің ерекше пішіні, дәлірек айтқанда оның болмауы. Желке орнына, әдетте жүзіне перпендикуляр орналасқан төлке жасалады, содан кейін оған сап салынады. Сабы түзу немесе тоқсан градусқа дейінгі бұрышта иіні болуы мүмкін. Балтаның ұсақтайтын бөлігі жүзіне қарай сәл кеңейген, бірақ балтаның өзі жіңішке болып келеді. Жүздері жалпақ болып жасалмайды.
Көрме Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Өлкеннің ежелгі тарихы» залында қойылған.