Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейіне Қостанай ауданы Жамбыл орта мектебінің оқушылары келіп, танысты. «Қостанай облысының киелі және есте қаларлық орындары» ақпараттық марафон шеңберінде музей қызметкерлері мектепке облысымыздағы киелі нысандар туралы материалдар - ақпараттық бүктемдер, жол көрсеткіштер, карталар тапсырды.