«Салт дәстүрім - таусылмайтын байлығым» «Қазақ халқының салт-дәстүрлері өткені мен бүгіні» топтамасынан этнографиялық интерактивті жобасы

20.09.2019
«Салт дәстүрім - таусылмайтын байлығым»   «Қазақ халқының салт-дәстүрлері өткені мен бүгіні» топтамасынан этнографиялық  интерактивті жобасы

Салт-дәстүр - әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс-тіршілігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптардың жиынтығы. 20-шы қыркүйек күні Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Қазақ қалқының салт-дәстүрлері: өткені мен бүгіні» атты интерактивті этнографиялық-танымдық жоба аясында «Салт-дәстүрім – таусылмайтын байлығым» атты дәстүрлі іс-шарасы өтті.

 Қазақ халқының ұлттық дәстүрлерін паш ететін, халқымыздың ежелгі әдет-ғұрыптарының қазіргі заманғы үйлесімін көрсетіп дәріптеуге, жастарды рухани тәрбиелеуге бағытталған іс-шара барысында қазақ халқының «Қызды оң босағаға отырғызу», «Құда түсу», «Босаға майлау», «Құрсақ тәрбиесі», «Бесікке салу» дәстүрлері көрсетілді.

 Сонымен қатар музей қорында жинақталған этнографиялық және рухани мәдениетіміздің баға жетпес жәдігерлерінен көрмелер ұсынылып, халықтың өте ертеден келе жатқан қол өнері кілем тоқудан шеберлік сағаты өткізілді.

 «Ақ Дариға» халық хоры әншілерінің орындаулары, облыстық филармонияның әншісі Айжан Санайдың әні, ақын Қыдырбек Қиысханның қобыз күйі, «Алтынай» би ансамблінің билері іс-шара көркін одан әрі ашты.

3D Тур
3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін6   Кеше80   Бір аптаның ішінде1094   Айында2204   Барлығы176250  
2019, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі