«Руханият – бейбітшілік пен бірлікке апаратын жол» Қазақстан халқының рухани келісім күніне арналған діни конфессия өкілдерімен кездесу

18.10.2018
«Руханият – бейбітшілік пен бірлікке апаратын жол»  Қазақстан халқының рухани келісім күніне арналған діни конфессия өкілдерімен кездесу

18 қазан - Рухани келісім күніне орай Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері діни конфессия өкілдер мен Қостанай медициналық колледжі студенттері кездесуін ұйымдастырды. Кездесу барысында «Маңдай батыр» мешітінің имамы Асылхан Маханбетжанұлы Түсіпбек пен Қазан құдай ана иконы храмының басшысы Иерей Андрей Крутин жастарға әлемдік діндер туралы, діннің адамның бойында қандай рухани-өнегелік құндылықтарды қалыптастыратыны туралы, жалпы діни конфессиялар туралы әңгімелеп берді.

Кездесу өте жақсы өтті. Балалар бірлесіп төзімділік ағашын өсірді, оның әрбір жасыл жапырақтарында біздің қаламызға, елімізге, бір біріне деген ізгі тілектері жазылған. Іс-шара қатысушыларына толеранттық жаднама таратылды.

3D Тур
3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін188   Кеше201   Бір аптаның ішінде719   Айында1829   Барлығы175875  
2019, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі