18 қазан - Рухани келісім күніне орай Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері діни конфессия өкілдер мен Қостанай медициналық колледжі студенттері кездесуін ұйымдастырды. Кездесу барысында «Маңдай батыр» мешітінің имамы Асылхан Маханбетжанұлы Түсіпбек пен Қазан құдай ана иконы храмының басшысы Иерей Андрей Крутин жастарға әлемдік діндер туралы, діннің адамның бойында қандай рухани-өнегелік құндылықтарды қалыптастыратыны туралы, жалпы діни конфессиялар туралы әңгімелеп берді.
Кездесу өте жақсы өтті. Балалар бірлесіп төзімділік ағашын өсірді, оның әрбір жасыл жапырақтарында біздің қаламызға, елімізге, бір біріне деген ізгі тілектері жазылған. Іс-шара қатысушыларына толеранттық жаднама таратылды.