Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру бойынша 2018 жылдың 18 қазанында «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары» арнайы жобасының жұмыс тобы кезекті отырысы өтті
Жұмысшылар тобының мүшелері қоғам өкілдерімен бірлесе отырып Қостанай облысының жаңадан анықталған киелі нысандарының тізбегін талқыға салды. Облыстың барлық қалалары мен аудандары ұсынған материалдарды қарап шыққан соң, өңірдің ұлттық рухани санасы үшін ең маңызды деген ескерткіштерінің тізбегі анықталды.
Отырыс барысында Қостанай облысының жаңадан анықталған 17 киелі нысанын бекіту және осы нысандар туралы материалдарды «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығына ұсыну шешімі қабылданды.