2018 жылы елімізде халқымыздың ерен мақтанышы, даңқты шежіресі Орбұлақ шайқасындағы ұлы жеңістің 375 жылдығы республикалық деңгейде аталып өтуде.
25 қазанда Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері «Тарихтың ұмытылмас беттері: Орбұлақ шайқасы» атты музей сабағын А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ тарих кафедрасының аға оқытушысы Ақмарал Ерікқызы Ералинаның қатысуымен өткізді. Іс-шараға қатысқан Қостанай кәсіптік-техникалық колледжінің студенттері ел мен жерді қорғау, ұлтты сақтаудағы батырларымыздың қайсарлығы мен табандылығы туралы әсерлі мағлұмат алды.