30 қазанда Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Шабыт қанатында» атты көркемсурет көрмесі ашылды.
Көрмеде Қостанайдың А.И. Никифоров атындағы мамандандырылған көркемсурет мектебі түлектерінің май, акрил, стринг-арт, тас, мүсіндік ермексаз, батик, ағашқа күйдіріп өрнек салу, фоамиран, флористика, Терра техникасы, тоқылмаған суретті кілем және т.б. түрлі техникада орындалған 80-нен астам дипломдық туындылары ұсынылды.
Көрмені балалар музыкалық мектебінің «Песнеладия» хор ансамблі «Господамусы - мадамусы» композициясымен ашты және көркемсурет мектебінің 3 сынып оқушылары Анастасия мен Ксения Каримовалар өз өнерлерін көрсетті.
Көрме 2018 жылдың 20 қарашасына дейін жұмыс істейді.