«Ретро саяхат» 1920-1980-ші жылдардағы құттықтау және көркемдік ашық хаттар көрмесі

17.01.2019
«Ретро саяхат»   1920-1980-ші жылдардағы құттықтау және көркемдік ашық хаттар көрмесі

XXI ғасырда қағаз хаттар қажеттілігі азайып, ашық хаттар, құттықтаулар ғаламтор мүмкіндігін пайдаланып электронды түрде жіберіліп жатады. Әр мереке сайын достарымыз бен туыстарымызды құттықтап, ашық құттықтау хаттарын почта байланысы арқылы жіберу заман талабына еріп алшақтап барады.

Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Ретро саяхат» атты көрме ашылды. Көрмеге музейдің қор жиынтығынан 1920-1980-ші жылдардағы құттықтау және көркемдік ашық хаттар қойылған.

Барлық музейге келушілер көрмеден ескі әрі жанға жылы ашық хаттар түрлерін тамашалай алады. Құттықтау хаттарда бейнеленген Қарша қыз бен Аяз атаның, қонжықтар мен тиіндердің, қораздар мен пингвиндердің суреттері көңіл көтереді және «балалық шақтағы» мерекені еске салмай қоймайды.

Қаламыздың тұрғындары мен қонақтарын қанық және мәнерлі ашық хаттар әлеміне шақырамыз!

3D Тур
3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін28   Кеше78   Бір аптаның ішінде193   Айында1727   Барлығы169745  
2019, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі