ҚР Суретшілер одағының мүшесі Ғани Баянның «Акварель» атты дербес көрмесінің ашылуы.

02.09.2019
ҚР Суретшілер одағының мүшесі Ғани Баянның  «Акварель» атты дербес көрмесінің ашылуы.

2019 жылдың 29 тамызында ҚР Суретшілер одағының мүшесі Ғани Баянның «Акварель» атты дербес көрмесінің ашылуыболды. Алматы қаласының суретшісі Ғани Баян өзінің 70 жасқа толу мерейтойына және Қостанай қаласының 140 жылдығына орай «Акварель» атты дербес көрмесінұйымдастырып отыр. Дербес көрмеге 30 туынды ұсынылған. Ғани Баян – ҚР Суретшілер одағының мүшесі, республикалық және шетелдік көрмелердің қатысушысы. Оның туындылары еліміздің бірқатар музейлерінің қорларында, оның ішінде Ә.Қастеев атындағы музейде, сонымен бірге қазақстандық және шетелдік коллекционерлерде сақталған. Кескіндемеші, график, акварельші ретінде танымал суретшінің стилі өткен ғасырдың 70-ші жылдарында қалыптасып, көрермендеріне жақсы таныс.

Ғани Балмұханбетұлы жиырма жылдан астам уақыт акварель техникасымен айналысып келеді. Шебер көрерменге өз туындыларын ұсына отырып, станоктық кескіндемедегі ең күрделі де нәзік техника - акварельдің мүмкіндіктеріне таңданысын жасырмайды. Суретшінің акварелі татулық пен тыныштыққа, көркемдік пен философиялық астарға толы. Автор інжілдік оқиғалар мен дала сарынына жүгінеді, дәуір мен дәстүрдің, адам мен табиғаттың астасқан байланысын көрсетуге тырысады. Оның туындыларының басты кейіпкерлерінің бірі - күнделікті өмірдегі әйелдер. Жеңіл, көркем акварель шығыс әйелдерінің бет-әлпетінің нәзік пішінін, дене бітімінің сұлулығын баса көрсетіп, олардың сырлылығын, құпиялығын жеткізеді. Балалық шақтың естеліктерімен байланысты туындылары да бар.

«Біз суретшінің шығармашылығы көркем идеяны жеткізу жағынан да, оның мазмұны жағынан да материалға деген шынайылығын көрсететініне сенімдіміз. Осылайша, Ғани Баянның шығармашылығы көрерменнің алдында автордың өзінің де, оның туындыларындағы кейіпкерлердің де терең ішкі толғанысын бейнелейтін жанды әлемді ашады», - деп жазады өнертану докторы А.С.Ғалымжанова.

Суретші Ғани Баян Қостанай облысында дүниеге келген және «Акварель» көрмесін туған өлкесіне арнайды.

3D Тур
3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін8   Кеше116   Бір аптаның ішінде972   Айында1929   Барлығы172374  
2019, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі