Қостанай қаласының 140 жылдығына арналған «Сүйікті қалама» көрмесінің ашылуы.

23.08.2019
Қостанай қаласының 140 жылдығына арналған «Сүйікті қалама» көрмесінің ашылуы.

2019 жылдың 23 тамызында Қостанай қаласының 140 жылдығына арналған «Сүйікті қалама» атты көрмесінің ашылуы болды. Қостанай суретшілерінің сүйікті тақырыптарының бірі – Қостанай, оны әсірелемей, күнделікті қалпында соңғы соқпаққа дейін, мешіт, ғибадатхана, аула, бірен-саран жүргіншілер жүретін көшені, сүйікті Тобыл өзенін бейнелейді, бұл туындыларға ерекше әсемдік береді. Туындылармен алғаш танысқаннан-ақ, көрермен әр түрлі уақыт кезеңдеріне: бүгін мен өткенге көз салуға мүмкіндік беретін қаланың көркем көріністерін тамашалай алады. Мысалы, Г.Соковтың «Базар алаңы», Н. Халифаеваның «Константин-Еленинский шіркеуі», Н.Торшинның «Жайлаубай ата мешіті», Ә.Сәпиевтің «Менің сүйікті қалам», О.Кусковтың «Бұрынғы гастроном» т.б.

Бейнелеу өнерінің жанкүйерлері басқа сюжеттер мен композицияларды мойындайды – бұл сәулет өнері мен табиғатты бейнелеу ғана емес, сонымен қатар суретшілердің қала тынысын сезінуі.

Көрмеге жас авторлар да ат салысып, өздерінің түрлі жанр мен техникадағы туындыларын сүйікті қаласына тарту етеді.
Мысалы: Екатерина Садовникованың гуашь техникасындағы «Сегізінші қабатта» туындысы, Марина Ткаченконың «Артист В.Колпаковтың портреті», Инна Миллердің қағаз пластикасында орындалған «Қазақстанның символдары», Қалампыр Ғалиханның «Қостанай ғибадатханалары» графикалық жұмысы, Айжан Түсенованың қазақтың ұлттық дәстүріне арналған «Сырға салу» гобелені және т.б.. Жас авторлардың жасаған композицияларының үлгісінде шығармашылық туындыларды орындау технологиясының дәстүрі қалай сақталып, беріліп отырғанын байқауға болады. Олар өзінің шынайылығы, нәзіктігі және тазалығымен баурап алады.

 «Сүйікті қалама» көрмесі суретші мен әлем арасындағы өзіндік диалогқа құрылған, оның кішкентай бөлшегінің өзі тарихын айтып береді.

3D Тур
3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін8   Кеше116   Бір аптаның ішінде972   Айында1929   Барлығы172374  
2019, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі