Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Пленэр – 2020» жобасының қорытындысы бойынша «Туған жердің әсемдігі» атты көрменің ашылуы

28.12.2020
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Пленэр – 2020» жобасының қорытындысы бойынша «Туған жердің әсемдігі» атты көрменің ашылуы

Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының қолдауымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде 2017 жылдан бастап «Қостанай суретшілерінің облысымыздың табиғаты көркем орындарына пленэрі» атты ауқымды жоба өткізілуде. 2020 жылы суретшілер Әулиекөл, Қостанай, Сарыкөл және Алтынсарин аудандарында болды. «Пленэр-2020» жобасына қатысушыларының арасында бейнелеу өнерінің танымал шеберлері, ҚР Суретшілер одағының мүшелері болды.

24 желтоқсан күні Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Пленэр-2020» жобасының қорытындысы бойынша «Туған жердің әсемдігі» атты көрменің салтанатты ашылуы өтті. Көрмеде 100-ге жуық кескіндемелік және графикалық туындылар қойылды.

«Туған жердің әсемдігі» атты көрме бір ай бойы жұмыс істейді.

kz 3D Тур
3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін168   Кеше124   Бір аптаның ішінде563   Айында1832   Барлығы230730  
2021, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі