Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының қолдауымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде 2017 жылдан бастап «Қостанай суретшілерінің облысымыздың табиғаты көркем орындарына пленэрі» атты ауқымды жоба өткізілуде. 2020 жылы суретшілер Әулиекөл, Қостанай, Сарыкөл және Алтынсарин аудандарында болды. «Пленэр-2020» жобасына қатысушыларының арасында бейнелеу өнерінің танымал шеберлері, ҚР Суретшілер одағының мүшелері болды.
24 желтоқсан күні Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Пленэр-2020» жобасының қорытындысы бойынша «Туған жердің әсемдігі» атты көрменің салтанатты ашылуы өтті. Көрмеде 100-ге жуық кескіндемелік және графикалық туындылар қойылды.
«Туған жердің әсемдігі» атты көрме бір ай бойы жұмыс істейді.