Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Суретшілер одағының мүшесі Вадим Быковтың дербес көрмесінің ашылуы.

03.05.2019
Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Суретшілер одағының мүшесі Вадим Быковтың дербес көрмесінің ашылуы.

2019 жылы 25 сәуір күні еліміздің астанасында Тәуелсіздік сарайында ҚР Суретшілер одағының мүшесі Вадим Быковтың «Қас – қағым сәт, аялда, сен ғажапсың!» атты көрмесінің ашылу салтанаты өтті. Дербес көрмеде 50-ден астам кескіндеме және графика туындылары қойылған.

Вадим Быков әр түрлі жанрда жұмыс істейді. Мысалы: портреттер, пейзаждар, НЮ және анималистикалық жанрлар. Суретші көркем құралдарды таңдауда өте еркін. Ол кенепте маймен ғана емес, түрлі графикалық тәсілдермен де жұмыс істейді: сепия, пастел, акварель, қарындаш.

Қостанайлық суретші Вадим Быковтың көрмесінің ашылу салтанатына өнер Академиясы мектебінің оқушылары, студенттер, шығармашылық интеллигенция өкілдері шақырылды. Көрмеге сондай-ақ: Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы С.Ш.Бектұрғанов, Астана қаласы Суретшілер Одағының Басқарма Төрағасы Ө.О.Жұбаниязов, Қазақстан және Татарстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері А.В.Динекеев, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ҚР өнер Академиясының академигі М.Т.Тоқсаитов қатысты.

Көрме 25 мамырға дейін жұмыс істейді.

3D Тур
3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін22   Кеше139   Бір аптаның ішінде161   Айында2182   Барлығы172627  
2019, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі