«Айналдым сенен, Атамекенім!» атты облыстық қызғалдақтар фестивалі

03.05.2019
«Айналдым сенен, Атамекенім!»  атты облыстық қызғалдақтар фестивалі

2019 жылдың 4 мамырында Қостанай облысы Амангелді ауданында «Айналдым сенен, Атамекенім!» атты облыстық қызғалдақтар фестивалі өтеді. Фестиваль қатысушылары мен қонақтары Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің, Арқалық қаласындағы облыстық Дала өлкесі тарихы музейі және А. Иманов атындағы Амангелді мемориалдық музейінің қоры жиынтығынан алынған қазақ халқының бірегей этнографиялық заттарымен таныса алады. Музей қызметкерлері қызғалдақтардың шығу тарихы және сирек кездесетін қазақстандық түрлері туралы айтып береді, сондай-ақ көркемсурет көрмесін ұйымдастырып, қостанайлық танымал суретшілер мен қолөнерші шеберлердің кілем тоқу, тері, ағаш, металл өңдеу бойынша шеберлік сағаттарын ұсынады.

3D Тур
3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін35   Кеше116   Бір аптаның ішінде999   Айында1956   Барлығы172401  
2019, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі