Ұлттық домбыра күніне арналған көрме

09.07.2019
Ұлттық домбыра күніне арналған көрме
7 шілде күні Тәуелсіздіктің 25 жылдығы саябағында өткен «Ұлттық мұра – домбыра» облыстық іс-шарасында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің және Қостанай облыстық Ы.Алтынсарин мемориалдық музейінің қор жиынтығынан «Домбыра – асыл мұра» атты көрме ұйымдастырылды. Көрмеге өлкеміздің танымал тұлғалары: 1916 жылғы көтерілістің басшысы Аманкелді Имановқа, Қазақ КСР Халық әртісі, Социалистік Еңбек Ері Сералы Қожамқұловқа, ақын Мәриям Хакімжановаға тиесілі домбыралар ұсынылды.  Сондай-ақ ҚР Халық ақыны Әсия Беркеноваға I Республикалық «Қыз-жігіт» айтысында бас жүлдеге берілген – домбыра қойылды. Көрермендер  ХХ ғасырдың бірінші жартысында қолдан жасалған домбыралармен де танысты. Мереке қонақтарына музей қоры жиынтығынан алынған ұлтымыздың бірегей этнографиялық жәдігерлерімен де танысып, қостанайлық танымал суретші-қолөнершілердің шеберлік сағаттарына қатысу мүмкіншілігі берілді. Қ.Иманов және М.Байзақов  ұлттық музыкалық аспаптар жасаудың қыр-сырымен бөлісті.
3D Тур
3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін12   Кеше168   Бір аптаның ішінде542   Айында2682   Барлығы191569  
full hd xxx porn bangladesh bane xxx porn xxx www com sex xxx hd besi japan mp4 xxx sunday noon xxx videos
2020, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі