7 шілде күні Тәуелсіздіктің 25 жылдығы саябағында өткен «Ұлттық мұра – домбыра» облыстық іс-шарасында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің және Қостанай облыстық Ы.Алтынсарин мемориалдық музейінің қор жиынтығынан «Домбыра – асыл мұра» атты көрме ұйымдастырылды. Көрмеге өлкеміздің танымал тұлғалары: 1916 жылғы көтерілістің басшысы Аманкелді Имановқа, Қазақ КСР Халық әртісі, Социалистік Еңбек Ері Сералы Қожамқұловқа, ақын Мәриям Хакімжановаға тиесілі домбыралар ұсынылды. Сондай-ақ ҚР Халық ақыны Әсия Беркеноваға I Республикалық «Қыз-жігіт» айтысында бас жүлдеге берілген – домбыра қойылды. Көрермендер ХХ ғасырдың бірінші жартысында қолдан жасалған домбыралармен де танысты. Мереке қонақтарына музей қоры жиынтығынан алынған ұлтымыздың бірегей этнографиялық жәдігерлерімен де танысып, қостанайлық танымал суретші-қолөнершілердің шеберлік сағаттарына қатысу мүмкіншілігі берілді. Қ.Иманов және М.Байзақов ұлттық музыкалық аспаптар жасаудың қыр-сырымен бөлісті.