Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің холлында қор жиынтығынан «Суретші және уақыт» атты көркемсурет көрмесі қойылды. Көрмеде қазақстандық суретшілердің туған жер табиғатының сұлулығын көрсеткен және жерлестеріміздің еңбегі бейнеленген портреттік туындылар ұсынылды. Қылқалам шеберлерінің шығармалары арасынан еңбектері бейнелеу өнерінің алтын қорынан лайықты орын алған суретшілер: Ә.Қастеевтің «Кент», Б.Урманченің «Қазақ КСР-нің халық артисі Хадиша Бөкееваның портреті», С.Мәмбеевтің «Киіз үйде» және т.б. туындыларды көруге болады.