Музей қызметкерлері ҚР елордасы күні қарсаңында бірқатар іс-шаралар топтамасын өткізді. Генерал Бәкіров атындағы сауықтандыру лагерінде демалып жатқан Рудный балалар үйінің тәрбиеленушілеріне, облыстық тарихи-өлкетану музейінде «QOSTANAI» телеарнасының «Радуга» бағдарламасының кішкентай жүргізушілеріне арнайы ұйымдастырылды. Іс-шара «Еуразия жүрегіне» атты саяхат ойын түрінде өтіп, қатысушылар өздерінің білімдерін, ой-өрістерін көрсетіп, елордамыздың тарихына қатысты сұрақтарға белсенді жауап берді. Шара барысында Нұр-Сұлтан қаласының сәулет ескерткіштері, Шығыс пен Батыстың сәулет өнері мен өркениет сипатын сіңірген қаланың әсем ғимараттырының суреттерінен слайд-презентация көрсетілді.