Домбыра - қазақ елінің көнекөз шежіресі. Ұлттық кодымыздың айнымас бөлігі. Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің холлында Ұлттық домбыра күнін ұлықтау мақсатында музыкалық аспаптардың көрмесі ұйымдастырылды.
Көрмеге музей қорындағы құнды жәдігерлер: 1916 жылғы көтерілістің басшысы Аманкелді Имановқа, Қазақ КСР Халық әртісі, Социалистік Еңбек Ері Сералы Қожамқұловқа тиесілі домбыралар, ҚР Халық ақыны Әсия Беркеноваға I Республикалық «Қыз-жігіт» айтысында бас жүлдеге берілген - домбырасы, сондай-ақ ХХ ғасырдың бірінші жартысында қолдан жасалған домбыралар қойылды.