Музей қызметкерлері «Шексіз музей» мәдени-білім бері акциясы шеңберінде генерал Бәкіров атындағы сауықтандыру лагерінде демалып жатқан Рудный балалар үйінің тәрбиеленушілеріне шеберлік сағаттарын ұйымдастырды. Іс-шара барысында қолөнерші Қарлығаш Бейсова балаларға қағаз бетіне таяқша, губка, балауыз сияқты заттармен гүл салудың түрлі техникаларын көрсетті. Әр бала, тіпті бұрын сурет салып қызықпағандары да өз қиялымен қайталанбас қызықты суреттерін салуға тырысты. Қолөнерші Оксана Дьяченко тұмаршалар жасауды көрсетті. Өздеріне арналған тұмаршалардың әрі өз қолдарымен жасалуының балаларға қызықты болғаны соншалықты, шеберлік сағатын жалғастыруды өтінді.