Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

«Шексіз музей» мәдени-білім беру акциясы

02.07.2019
«Шексіз музей»  мәдени-білім беру акциясы

1 шілдеде Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері  генерал Бәкіров атындағы сауықтандыру лагерінде дәстүрлі «Шексіз музей» мәдени-білім беру акциясын ұйымдастырды. Акция шеңберінде Рудный балалар үйінің үлкен және орта жас тобы тәрбиеленушілерінің арасында ерекше викториналар, жарыстар мен көңілді ойындар өткізді.  Әсіресе балалар үшін құпия түрде жасырылған «қазынаны» табу қызықты болды. Олар көмбеден карта-сызба арқылы Ұлы Отан соғысы жылдарындағы каска, көне теңгелер сияқты бірегей заттарды тапты. Ең кіші топ балалары үшін «Жеті сиқырлы орамдар» атты квест-ойыны өткізіліп, бүлдіршіндер «Сиқыршымен» және «Ханшайыммен» ертегілер әлеміне саяхат жасады. «Қолмен ұстап жәдігерді анықтау» көрмесі де балалардың музей жәдігерлеріне қызығушылығын арттыра түсті.

Іс-шара соңында барлық қатысушыларды тәтті сыйлықтар күтті, белсенді балаларға мақтау қағаздары берілді, ең бастысы балаларға жарқын көңіл-күй сыйланды.