26 маусымда аталып өтілетін Дүниежүзілік нашақорлықпен және заңсыз есірткі айналымымен күрес күні жастарға нашақорлықтың зиянын көрсету, олардың саламатты өмір салтын ұстауға қабілеттілігін арттыру, есірткіге қарсы қоғамдық иммунитетті қалыптастыруға бағытталады.
Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде қоғам дертіне, әлеуметке ортақ проблемаға айналған нашақорлыққа қарсы «Біз есірткіге қарсымыз. Біз өмірді таңдаймыз!» атты ойды шыңдау сағаты өтті. Іс-шара қонағы есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бөлім басшысы Лев Владимирович Квасенко профилактикалық әңгімелесу барысында кәмелетке толмаған жас балаларға көрсетілетін қысым туралы, жас балаларды мәжбүрлеу түрлері туралы, соның кесірінен олардың есірткіні қолданып көретіні, нашақорлықтың жастардың денсаулығына тигізер залалы және тыйым салынған заттарды қолданудың зардаптары туралы айтып берді. Ол қазіргі уақыттағы ғаламдық үлкен проблеманы күш біріктіргенде ғана шешуге және жақсы нәтижеге қол жеткізуге болатынын атап айтты.