Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

«Бір сәт және бүкіл ғұмыр» фотограф-өлкетанушы Д.П. Багаевтің Павлодардағы үй-музейі қорынан көрменің тұсаукесері

21.06.2019
«Бір сәт және бүкіл ғұмыр»   фотограф-өлкетанушы Д.П. Багаевтің Павлодардағы үй-музейі  қорынан көрменің тұсаукесері

Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің бейнелеу өнері бөлімінде қазақстандық белгілі фотограф-өлкетанушы Д.П. Багаевтің (1884 – 1958 ж.ж.) ең үздік жұмыстары көрмесінің тұсаукесері өтті. Д.П. Багаевтің Павлодардағы үй-музейі қорынан «Бір сәт және бүкіл ғұмыр» атты көрмеде 50 сюжетті-этнографиялық, ландшафты, портретті, репортажды-оқиғалы суреттер ұсынылған. Бұл ХХ-шы ғасырдың басындағы қазақ халқының күнделікті өмірінің қайталанбас фотосуреттері, Павлодардың алыс-жақын өңірлерінің көрікті жерлерінің көрінісі мен Баянауылдың әсем табиғатының пейзажы. Қазақстанда болған барлық тарихи маңызды оқиғалар (төңкеріс, аштық, ұжымдастыру, Ұлы Отан соғысы, тың игеру кезеңі) ол өмір сүрген кезеңнің куәсі ретінде Багаев суреттерінде көрініс тапқан. Бұл суреттердің өшпес құндылығы оның табиғилығы, шынайылығы және деректілігінде. Д.П. Багаевтің «Ошақ басындағы әйел», «Тайды ұстау», «Бесік тербеткен ана қиялы», «Алтыбақан», «Экібастұз шахтері» сияқты фотожұмыстары әлемдік фотосурет мұрасының теңдесіз жауһары болып табылады.

«Бір сәт және бүкіл ғұмыр» көрмесі бір айы бойы жұмыс істейді.