Халықаралық музей күніне арналған «Музей түні - 2017» интерактивті акциясы

19.05.2017
Халықаралық музей күніне арналған «Музей түні - 2017» интерактивті акциясы

18 мамыр күні бүкіл әлемнің музей қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекесі –Халықаралық музей күнін атап өтеді. 2017 жылы музейлердің басты тақырыбы ретінде «Музейлер және тарих таласы: музейдегі күрделі мәселені сөз етеміз» ұраны таңдап алынды.

Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Музей түні - 2017» акциясының бағдарламасы мазмұнды және сан түрлі болды. Музей түні танымал суретші Георгий Соковтың кескіндеме туындыларын облыстық музейдің қорына салтанатты тапсыруынан басталды.

Қостанайлықтар мен қала қонақтары жаңа көрмелерді, сондай-ақ «Шынайы лақап» көрме-аттракционын тамашалап, этикеткалардың шынайы жәдігерлерге сәйкестігін анықтады.

«Қызылдар мен ақтар: революцияға 100 жыл» атты тарихи квестке қатысушыларға экспозиция залдары, музейдің жертөлесі және ішкі ауласы бойынша тартымды саяхат жүргізілді.

Жастар қазақ халқының дәстүрлері мен салттары туралы киіз үйде «Жас келіндер мектебінде» болып көптеген кеңестер алып, жіп иіру сайысына және көне ұлттық ойындарға қатысты.

«Қазақ тұлпары» ЖШС-нің аттарымен серуендеу және «Теремок» зообағының тіршілік иелерімен тілдесу іс-шара қонақтарына ұмытылмас әсер қалдырды. Музейдің Айболит докторы экзотикалық жәндіктерді күту және емдеу бойынша кеңестер берді. Тортила тасбақасының викторинасы және тасбақалар көрмесі таяудағы Бүкіләлемдік тасбақалар күні туралы еске салды.

Біздің келушілерге «Триумф» балалар сән театрының концерттік дефиле бағдарламасы, «Темір түмен» тарихи қайта құру клубының Қостанай бөлімшесі мүшелерінің серілер жекпе-жегі, «Жұлдыздармен танысу» жаяу жол астрономиясы, алау басындағы дәстүрлі әндер, музей «трактиріндегі» шай ішу және тағы басқа шаралар ұсынылды.

Музей түнінің қонақтарына қосымша бонус ретінде музейдің ішкі көрінісінде және музей керек-жарақтарымен селфи және фотосессия жасауға мүмкіндік берілді.

Музей түні акциясы 80-90-ші жылдардағы әсерлі әндер қойылған ретро-дискотекамен аяқталды.

3D Тур
3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін86   Кеше79   Бір аптаның ішінде86   Айында1906   Барлығы209347  
full hd xxx porn bangladesh bane xxx porn xxx www com sex xxx hd besi japan mp4 xxx sunday noon xxx videos
2021, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі