Этнографиялық-танымдық жоба «Кілемдер шерткен сыр»

19.05.2017
Этнографиялық-танымдық жоба «Кілемдер шерткен сыр»

18 мамыр - Халықаралық музейлер күнінде Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде халық шеберлері көрермендерді ежелгі қолөнермен таныстырған Кілемдер мерекесі өтті.

Іс-шара барысында музей қорындағы ХІХ-ХХ ғасырларда қолдан тоқылған тықыр кілемдер көрмесі жұмыс істеді. Қазақ кілемдері бір-бірінен түр-түсімен, ою-өрнегімен, жасалу жолдарымен ерекшеленіп, көз тартады.

Музей холына тоқу ағашы құрылып, онда тықыр кілем тоқудың ежелгі тәсілдері көрсетілді. Шебер кілемшілер Баян Есмолдина, Мәнсия Тыштықпаева, Қарлығаш Сейтенова, Мүгілсім Құсманова, Ақжамал Ахметовалар ұлттық кілем тоқу тәсілдерін әлі күнге дейін ұмытпай, сақтай білген, олар көрермендерге жүннен кілемге қажетті жіпті дайындау тәсілдерін көрсетті.

ҚР өнер және мәдениет қайраткері, айтыс өнерінің шебері және ұлттық салт-дәстүрлерді жетік білетін Әлпия Орманшина кілем тоқумен байланысты наным-сенімдер туралы, ою-өрнектердің маңызы туралы айтып берді. Айтыскер ақын музейге және кілемдер мерекесіне өзінің қолма-қол шығарылған жырын арнады.

Бояуы қанық, көңіл жадырататын ұлттық өнер әлемі бізді көркем кәсіпке жетелегендей, әрбір кілемнен адамның табиғатпен, әлеммен үйлескен көңіл күйі сезіледі.

3D Тур
3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін92   Кеше79   Бір аптаның ішінде92   Айында1912   Барлығы209353  
full hd xxx porn bangladesh bane xxx porn xxx www com sex xxx hd besi japan mp4 xxx sunday noon xxx videos
2021, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі