Көрнекті қоғам қайраткері, ақын, көсемсөзші, түркітанушы ғалым және лингвист Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай өткен онлайн-конференция туралы

01.03.2022
Көрнекті қоғам қайраткері, ақын, көсемсөзші, түркітанушы ғалым және лингвист Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай өткен онлайн-конференция туралы

2022 жылдың 28 ақпанында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми хатшысы  Н.Қ.Оташева көрнекті қоғам қайраткері, ақын, көсемсөзші, түркітанушы ғалым және лингвист Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай «Ұлт көсемсөзінің көшбасшысы» тақырыбында онлайн-конференцияға қатысты. Конференция Ақтөбе облыстық Н.Байғанин атындағы балалар кітапханасы негізінде өткізілді.

 

Н.Қ.Оташеваның «Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорынан А.Байтұрсынұлы жайында материалдар» тақырыбындағы баяндамасын мәдениет саласының қызметкерлері және Ақтөбе қаласының №52 орта мектебінің оқушылары қызығушылықпен тыңдады. Конференция барысында музей қорындағы материалдар негізінде А.Байтұрсынұлы туралы мультимедиялық тұсаукесер көрсетілді.

kz 3D Тур
3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін76   Кеше143   Бір аптаның ішінде448   Айында1248   Барлығы276146  
2022, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі