«Дәуірдің жанды түстері» - РФ халық суретшісі, Татарстанның халық суретшісі, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері Б.Урманченің туғанына 125 жыл толуына орай музейдің қор жиынтығындағы туындылардан көрме.

25.02.2022
«Дәуірдің жанды түстері» - РФ халық суретшісі, Татарстанның халық суретшісі, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері Б.Урманченің туғанына 125 жыл толуына орай музейдің қор жиынтығындағы туындылардан көрме.

2022 жылдың 24 ақпанында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде Баки Урманченің туғанына 125 жыл толуына орай музейдің қор жиынтығындағы туындылардан «Дәуірдің жанды түстері» көрме ашылды.

Баки Урманче - РСФСР халық суретшісі, Татарстанның халық суретшісі, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері, Ғабдолла Тоқай атындағы сыйлықтың иегері, мүсінші, ақын, көп тіл біледі (11 тіл білген), араб кітаптарының білгірі.

Баки Ыдырысұлы 1956 жылға дейін Қазақстанда тұрды. Осы уақыт ішінде ол көптеген еңбектер жасады: республиканың тарих және мәдениет қайраткерлерінің портреттік галереясы; тарихи туындылар; Алматы, Балқаш, Гурьевтің көптеген пейзаждарын; мүсіндік шығармалар - П.М.Виноградовтың мүсіні, Абай ескерткіштерінің жобалары, М.О.Әуезовтің «Абай» романына, қазақ ертегілеріне арналған «Әлем» графикалық иллюстрациялары және т.б.

Баки Урманченің еңбегі бағаланып Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген суретшісі атанды.

kz kz 3D Тур
3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін171   Кеше233   Бір аптаның ішінде171   Айында4797   Барлығы294920  
2023, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі