«Чернобыль: жан сыздатар ащы естелік» - Чернобыль апатының 35 жылдығына арналған еске алу сағаты

21.04.2021
«Чернобыль: жан сыздатар ащы естелік» - Чернобыль апатының 35 жылдығына арналған еске алу сағаты

2021 жылдың 26 сәуірінде Чернобыль атом электр станциясындағы апатқа 35 жыл толды, Кеңес Одағының тарихында болған ең ауыр зардап миллиондаған адамдарға әсер етті, 600 мыңнан астам апатты залалсыздандыру жұмысына қатысқан жандардың тағдырын өзгертті. Олар радиацияның үлкен дозасын алды және бұл олардың денсаулығына өмір бойы із қалдырды.

Бүгін музейде техногенді апатты жоюға қатысушылармен – отставкадағы полиция майоры  Әбенов Мұратбек Кенжеғұлов және отставкадағы полиция подполковнигі Калашников Сергей Валентиновичпен кездесу өтті.

 Ардагерлермен әңгіме барысында А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ студенттері кенеттен болған сұмдық трагедия туралы, әлемді құтқару үшін өмірі мен денсаулығы қатерге тігіп, көзге көрінбейтін радиациялық апаттың алдында тұрғандардың батылдығы мен ерлігі туралы оқиғаны үлкен қызығушылықпен тыңдады.

Іс-шара соңында кездесуге қатысушылар радиацияның үлкен дозасы әсерінен қайтыс болғандарды, Чернобыль АЭС-ін залалсыздандыруға қатысқан қаһармандарды бір минуттық үнсіздікпен еске алды.

kz 3D Тур
3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін164   Кеше124   Бір аптаның ішінде559   Айында1828   Барлығы230726  
2021, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі